Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
28.05.2026
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды
Максат Тұрлыбаев V Еуразиялық экономикалық форумда Қазақстан статистикасындағы AI-шешімдерді таныстырды

V Еуразиялық экономикалық форумда ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев халықаралық сарапшылар қауымдастығына жасанды интеллект пен үлкен деректерге негізделген ресми статистика жүйесінің ауқымды цифрлық трансформациясын таныстырды.

«Статистика органдары қызметінде заманауи цифрлық технологияларды қолдану» атты панельдік сессияда сөз сөйлеген Бюро басшысы бүгінде цифрландыру тек жекелеген жұмыс құралдарын ғана емес, статистикалық деректерді өндіру мен тұтынудың бүкіл моделін өзгертіп жатқанын атап өтті.

«Бүгінде статистиканың философиясының өзі өзгеруде. Пайдаланушылар есептерді бірнеше ай күткісі келмейді, олар терең талдауды, нақты деректерді және болып жатқан үдерістердің объективті көрінісін іс жүзінде нақты уақыт режимінде алғысы келеді. Мемлекеттік статистика осы сұранысқа сай болуы тиіс», - деді Мақсат Тұрлыбаев.

Оның айтуынша, Қазақстанның Ұлттық статистика бюросы статистикалық қызметтің барлық кезеңдеріне - деректерді жинау мен өңдеуден бастап, талдау және пайдаланушылармен өзара әрекеттесуге дейін жасанды интеллектіні жүйелі түрде енгізіп келеді.

Көрнекі мысалдың бірі ретінде туристік ағындарды талдау үшін мобильді позициялау деректерін пайдалану атап өтілді. Жаңа жүйе адамдардың нақты қозғалысын, маршрут құрылымын, болу ұзақтығын және белсенділіктің маусымдық өзгерістерін көруге мүмкіндік береді. Бұл статистиканың егжей-тегжейлілігін жаңа деңгейге көтереді.

«Іс жүзінде біз іріктемелі бақылаудан экономика мен қоғамда болып жатқан нақты үдерістерді талдауға көшіп жатырмыз. Бұл жай статистика емес, бұл мінез-құлық пен экономикалық белсенділіктің цифрлық моделі», - деп атап өтті Бюро басшысы.

Сондай-ақ сөз барысында инфляцияны есептеу үшін фискалдық чектердің үлкен көлемін өңдеуде жасанды интеллектіні қолдануға ерекше назар аударылды. Егер бұрын тұтыну бағалары индексі шамамен 120 мың бақылау негізінде қалыптастырылса, бүгінде жүйе ел бойынша 36,9 миллион баға бақылауын талдайды.

AI-алгоритмдері тауар атауларындағы айырмашылықтарға қарамастан, өнім позицияларын автоматты түрде таниды, салыстырады және жіктейді. Кейбір тауар санаттары бойынша жүйе ішкі атаулардың ондаған мың нұсқасын өңдеп, статистикалық есептеулердің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді.

«Бұл - инфляцияны өлшеудің мүлде жаңа деңгейі. Жасанды интеллект бізге баға үдерістерін талдаудың неғұрлым дәл, тұрақты және жедел жүйесіне көшуге мүмкіндік береді», - деді Мақсат Тұрлыбаев.

2026 жылдың қаңтарынан бастап 75 тауар позициясы бойынша деректер тұтыну бағалары индексін есептеуге енгізілді. Сонымен қатар веб-парсинг технологияларын қоса алғанда, баламалы ақпарат көздерін пайдалану кеңейтілуде.

Сөз барысында статистикалық ақпарат пайдаланушыларына арналған цифрлық сервистер де таныстырылды. Атап айтқанда, Статистикалық бизнес-тізілімнің аналитикалық чат-боты экономикалық қызмет түрлері, көрсеткіштер динамикасы және кәсіпорындардың сипаттамалары, соның ішінде шағын және орта бизнес субъектілері бойынша сұраныстарды автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бірыңғай байланыс орталығының AI-инфрақұрылымы дамып келеді. Алғашқы табысты шешімдердің бірі 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағына дайындық кезеңінде әзірленген «Sanaq Myrza» чат-боты болды. Бұл құрал респонденттерге консультация беруді автоматтандырып, операторларға түсетін жүктемені едәуір азайтты.

Бюро басшысының айтуынша, жасанды интеллектіні енгізу бүгінде бүкіл сала үшін жүйелі нәтиже беруде. Цифрландырудың арқасында респонденттерге арналған статистикалық есептілік 30% қысқарды, ал жүйенің өзі қазір 36 әкімшілік және төрт баламалы дереккөзден алынған деректерді біріктіреді.

«Үлкен деректер мен жасанды интеллект қазіргі мемлекеттің стратегиялық ресурсына айналуда. Біз data-driven governance - деректерге, нақты аналитика мен цифрлық шешімдерге негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің қалыптасып жатқанын көріп отырмыз», - деп мәлімдеді Бюро басшысы.

Сөз соңында Мақсат Тұрлыбаев цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында ресми статистика саласындағы халықаралық ынтымақтастық пен үздік тәжірибелер алмасудың ерекше маңызын атап өтті.

Еске сала кетейік, V Еуразиялық экономикалық форум «Жаhандық циырлық бәсекедегі ЕАЭО : жасанды интеллектіге басымдық беру» тақырыбымен өтуде. Іс-шараға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің басшылары, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысуда.


Тізімге оралу