Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Маңғыстау облысының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды
16.02.2024
Маңғыстау облысының статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды


ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы болып Алтыншаш Исламова тағайындалды. 

Бұған дейін ол Маңғыстау облысы бойынша бюро департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған. Ұжымға жаңа басшыны Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің аппарат басшысы Жомарт Әбиесов таныстырды. 

Алтыншаш Сұлтанқызы Исламова Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін «Өнеркәсіп және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша және Маңғыстау «Болашақ» институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 1994 жылы Маңғыстау облысының статистика басқармасында экономист болып бастаған. Бұдан әрі әлеуметтік-демографиялық статистика, еңбек және қамту бөлімінің аға маманы болып жұмыс істеді. Ол сондай-ақ қызмет көрсету және экономика статистикасы бөлімінің бас маманы болған. 2003-2004 жылдары Ақпараттық-статистикалық орталықтың шаруашылық бөлімінде жұмыс істеді. 

2005 жылдан бастап өнеркәсіп статистикасы бөлімінде түрлі қызметтерді атқарды. 2011-2018 жылдары инвестициялар және құрылыс статистикасы басқармасының бастығы болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап бүгінге дейін Маңғыстау облысының статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. 

«Статистика үздігі» төсбелгісімен марапатталған.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші