ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мақсат Тұрлыбаев Статистика бюросының басшысы болып тағайындалды
17.11.2023
Мақсат Тұрлыбаев Статистика бюросының басшысы болып тағайындалды



Мемлекет басшысының өкімімен Мақсат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басшысы болып тағайындалды.

Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған. Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастаған.

2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

2021-2022 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

2022 жылғы шілдеден бастап Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші