Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды
24.11.2025
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды
Мақсат Тұрлыбаев ҚР Парламенті Сенаты жанындағы «Талдау мектебінде» дәріс оқыды

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Қарағанды облысының «Талдау мектебі» тыңдаушыларына дәріс оқыды.

Бюро басшысы өз сөзінде Ұлттық статистика бюросының жұмысы қалай ұйымдастырылғанын, деректерді жинау мен өңдеудің негізінде қандай қағидаттар жатқанын, сондай-ақ олардың сапасы мен сенімділігі қалай қамтамасыз етілетінін егжей-тегжейлі айтып берді. Оның баяндамасындағы негізгі аспектілердің бірі статистиканы цифрландыруға назар аудару болды. Спикер еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының маңызды элементіне айналып, бірыңғай цифрлық кеңістікте деректерді ретке келтіруге және тиімді басқаруға көмектесетін «е-Статистика» жүйесінің рөлін атап өтті.

Фискалдық чектер және мобильді деректер сияқты жаңа дереккөздерге ерекше назар аударылды. Бұл құралдар инфляция мен туристік ағымдар сияқты экономикалық процестерді дәлірек бақылау үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бюро басшысының айтуынша, мұндай деректерді пайдалану статистикалық зерттеулердің дәлдігі мен жеделдігін айтарлықтай арттыруға көмектеседі.

Дәрістің барысында қатысушыларға «Виртуалды зертхана» жобасы таныстырылды. 2024 жылдан бастап Астана мен Алматыда жүзеге асырылып жатқан бұл жоба зерттеушілерге иесіздендірілген микродеректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ғылыми және аналитикалық зерттеулер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Мақсат Тұрлыбаев мемлекеттік қызметшілер мен студенттердің аналитикалық білімін арттыруға бағытталған Data Literacy бағдарламасы туралы да айтты. Бағдарлама шеңберінде тұрақты түрде оқыту курстары мен байқау өткізіледі, сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және ММУ Қазақстандық филиалы сияқты еліміздің жетекші оқу орындарында статистика және талдау бойынша модульдер оқытылады.

Бюро басшысы өз дәрісін қорытындылай келе, Қазақстанның халықаралық стандарттарға сай келетін статистикалық жүйесін белсенді дамытып келе жатқанын атап өтті. Деректерді жинауға және өңдеуге заманауи тәсілдер, цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу – талдау сапасын арттыруға және барлық деңгейде шешім қабылдауды жақсартуға зор мүмкіндік береді.

«Талдау мектебі» жобасы ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып, жастардың кәсіби құзыретін, сыни ойлауын және стратегиялық талдау дағдыларын дамытуға бағытталған. Қарағанды облысында жоғары оқу орындарының оқытушылары, жеке сектор мамандары және жұмысшы мамандықтарының өкілдері арасынан 35 жасқа дейінгі 40 адам іріктеуден өткен.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші