11.04.2025
Мақсат Тұрлыбаев ММУ Қазақстандық филиалының директорымен кездесті
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының директоры Александр Сидоровичпен кездесу өткізді. Тараптар ынтымақтастық туралы меморандум аясындағы алдағы қадамдарды және статистика саласындағы бірлескен жобалардың негізгі бағыттарын талқылады.
Кездесу барысында білім беру бағдарламалары мәселесіне ерекше назар аударылды, оның аясында бюро мамандары ММУ Қазақстандық филиалында былтырдан бері білім алып жатыр. Бүгінде бюроның 17 қызметкері «Қазіргі экономикадағы Статистика және деректерді басқару» магистрлік бағдарламасы бойынша білім алуда, бұл оларға статистиканы терең зерттеуге және ел экономикасын тиімді дамыту үшін қажетті деректерді басқару дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Екі ұйым басшылары стратегиялық әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Ресей арасындағы білім беру және ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды дамытуды жалғастыруға ниет білдірді.
Мақсат Тұрлыбаев магистранттарды даярлауды жалғастыру ғана емес, докторанттарды даярлау саласындағы ынтымақтастықты кеңейту қажеттігін де атап өтті. Оның айтуынша, бұл статистика саласындағы кадр әлеуетін нығайтуға және кәсіби құзыреттілікті жоғарылатуға мүмкіндік береді.
ММУ Қазақстандық филиалының директоры өзара іс-қимылды жалғастыруға, білім беру бағдарламаларын жақсартуға және Бюро қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға қолдау білдірді.
Алдағы оқу жылында ММУ «Қазіргі экономикадағы Статистика және деректерді басқару» магистрлік бағдарламасы бойынша оқушыларды қабылдауды жалғастыратын болады.
Тізімге оралу