ҚҰРМЕТТІ ПАЙДАЛАНУШЫЛАР! Ұлттық статистика бюросының жаңа веб-сайтына қош келдіңіздер! 2021 жылға дейінгі статистикалық ақпарат бойынша мұрағат деректері old.stat.gov.kz сайтында қолжетімді.
Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы статистика бойынша халықаралық студенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды
18.05.2023
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы статистика бойынша халықаралық студенттік олимпиаданың жеңімпазы атанды


15-19 мамыр аралығында Мәскеуде ТМД Мемлекетаралық статистика комитетінің ұйымдастыруымен Халықаралық студенттік статистика фестивалі өтті.

Оның аясында статистика бойынша халықаралық студенттік олимпиада да ұйымдастырылды.

Олимпиадаға 7 елден барлығы 12 команда қатысты, жарысқа Қазақстан атынан М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалының және Нархоз университетінің студенттері қатысты. Фестиваль ұйымдастырушылары статистика саласын кеңінен насихаттауды, ТМД елдерінің статистикалық білім беру саласындағы жетістіктерін көрсетуді, Достастық елдерінің кеңістігінде статистикалық қоғамдастық құруды мақсат еткен.

Олимпиада барысында қатысушылар статистика теориясы, әлеуметтік статистика, халық және еңбек статистикасы бойынша тестілеуден өткен, сондай-ақ командалық тапсырмаларды орындап, берілген тақырып бойынша статистикалық зерттеулер жүргізген.

Олимпиада қорытындысы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалының командасы бірінші орынға ие болды, Нархоз Университеті «Кәсіби серпіліс» номинациясы бойынша марапатқа ие болды. Біз олимпиада қатысушыларын жеңісімен құттықтап, биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші