Ұлттық статистика бюросының үш қызметкері 19-22 қыркүйекте өткен орталық мемлекеттік органдар арасындағы республикалық спартакиаданың жүлдегерлері атанды.
Биыл спартакиада мемлекеттік қызметшілердің 27 командасының басын қосып, жеті спорт түрі бойынша өтті: футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, армрестлинг және қазақ күресі. Бюро қызметкерлері жеке және командалық құрамда тамаша нәтиже көрсетті.
Әріптестерімізді лайықты жеңісімен құттықтаймыз, спорт пен қызметте табыстан табысқа жете беруін тілейміз!