Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұлттық статистика бюросының командасы орталық мемлекеттік органдар арасындағы пікірсайыс турнирінде жеңімпаз атанды
05.10.2026

Ұлттық статистика бюросының командасы орталық мемлекеттік органдар арасындағы пікірсайыс турнирінің жеңімпазы атанды.

2026 жылғы 1–2 қазанда Астана қаласында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастыруымен орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» пікірсайыс турнирі өтті.

Мемлекеттік қызметшілердің шешендік шеберлігін жетілдіруге және пікірталас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған турнирге 18 команда құрамында 50 мемлекеттік қызметші қатысты.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің атынан қатысқан Ұлттық статистика бюросының командасы алғашқы кезеңдегі үш ойынның үшеуінде де жеңіске жетіп, финалға жолдама алды.

Финалдық сайыстың қорытындысы бойынша Әлиман Ақмырза, Амангелді Фариза және Қуандық Бәйбек құрамындағы команда I орынды иеленіп, турнирдің жеңімпазы атанды.

Ұлттық статистика бюросының қызметкері Әлиман Ақмырза турнирдің «Үздік спикері» атанды.

Тізімге оралу