Бүгін Ұлттық статистика бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың төрағалығымен кеңейтілген отырыс өтті, онда құрылымдық және аумақтық департаменттер мен Ақпараттық-есептеу орталығының басшылары қатысты.
Отырыста әкімшілік дереккөздер мен респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылаудың маңызды мәселелері талқыланды. Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік статистика туралы» Заңына енгізілген өзгерістер - талқыланған негізгі тақырып болды. Кеңес барысында деректер базасының сапасын бақылау басқармасының басшысы Никита Бурмистров әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша баяндама жасады.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік секторда құрылымдалмаған әкімшілік деректерді жинау және сақтау бойынша 300-ден астам түрлі ақпараттық жүйелер бар. Мемлекеттік органдарда қомақты деректер көлемінің болуы олардың өзектілігі мен деректердің есепке дұрыс алынатынына кепілдік бермейді, бұл жедел және стратегиялық шешімдер қабылдау үшін қажетті деректердің шашыраңқы немесе олардың мүлде қолда болмау қаупін тудыруы мүмкін. Осы міндетті шешу үшін әкімшілік деректердің сапасына және электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілеріне деректерді басқару талаптарына сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүргізу негізгі міндеті болатын деректер бақылаушылары институты енгізіледі», – деп нақтылады Н.Бурмистров.
Халық статистикасы департаментінің директоры Нұрлан Ханжігітов 2024 жылдың қыркүйек-қараша айларында жүргізілетін Мультииндикаторлық кластерлік зерттеуге (MICS) дайындық туралы айтты. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы статистикасы және ұлттық санақ департаментінің директоры Әсел Жартыбаева қатысушыларды ауыл шаруашылығының пилоттық санағына дайындық барысымен таныстырды.
Кеңейтілген отырысты қорытындылай келе Бюро басшысы мемлекеттік статистикаға қатысты мәселелерді талқылап отырудың маңыздылығы мен өзектілігін және оларды шешуде бірлескен іс-шараларды жүргізудің қажеттілігін ерекше атап өтті.