Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросының басшысы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
27.09.2024
Ұлттық статистика бюросының басшысы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Ұлттық статистика бюросының басшысы ардагерлерді Қарттар күнімен құттықтады
Қарттар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев статистика саласының ардагерлерімен кездесу өткізіп, оларға еліміздің статистикасын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін шынайы алғысын білдірді. Кездесуге ардагерлер ZOOM платформасы арқылы да қосылып, басқа өңірлерден де қатысушылардың құттықтау шарасына қатысу мүмкіндігі туды.
«Сіздердің еңбегіңіз бен адалдығыңыз біздің саладағы қазіргі жетістіктеріміздің негізі. Бюроның табысты жұмысы сіздер қалаған іргетасқа негізделген. Даналықтарыңыз бен тәжірибелеріңіз - біз үшін әлі де маңызды бағыт-бағдар», — деді өз сөзінде Мақсат Тұрлыбаев.
Іс-шара барысында ардагерлер өздерінің еңбек жолдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жұмыс барысындағы қиындықтар мен статистиканың ондаған жылдар бойы қалай өзгергені туралы айтып берді. Бюро басшысы олардың білімдері мен жетістіктері жаңа буын мамандарын шабыттандыратынын атап өтті.

Кездесу аясында Бюроның жаңа жобаларының таныстырылымы да ұйымдастырылды.
«Бүгінгі таңда біздің ведомство цифрландыру бағытына көшті. Біз мәліметтердің сапасы мен сенімділігін арттыруға, респонденттерге жүктемені азайтуға, балама дереккөздерді пайдалануға бағытталған жобаларды таныстырдық. Бұл жұмыстың барлығы біздің басты құндылығымыз – қызметкерлеріміз арқылы жүзеге асырылуда», — деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші