«Бұл – халықтың еркін білдіретін, демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет құруға ұмтылысын айқындайтын маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі. Конституция әрбір азаматқа теңдік, бостандық және әділдікке кепілдік береді. Сіздердің еңбектеріңіз осы қағидаттардың күнделікті жұмыста жүзеге асуына септігін тигізеді. Баршаңызды Конституцияның 30 жылдығымен құттықтаймын, зор денсаулық, табыс пен береке-бірлік тілеймін», – деді ол құттықтау сөзінде.
Конституция күніне арналған құттықтау
Ата Заңым – азаттық пен айбыным,
Әділет деп асқақтаған бар үнім.
Халық үшін қызмет етер мәңгілік,
Бір елімнің еңсесіндей байлығым.
Ата Заңым – елдің алтын тұғыры,
Тәуелсіздік, татулықтың ұлы үні.
Әр бап, әр жол – халық үшін қорғаған,
Кемел елдің мәңгі жарқын ғұмыры.
Отбасы деген әрбір елдің тірегі,
Махаббат пен мейірімнің жүрегі.
Бақыт қонсын, шаттық толсын әр үйге,
Қуаныштың жайнай берсін гүлдері.
Сіздерге тілек – денсаулық пен жақсылық,
Жүрегінде ар мен намыс, тектілік.
Жарқын күндер, асқақ арман серік боп,
Өмір сүрсін шаттықпен бар тіршілік.
Статистика бұл – ақиқатты сөйлеткен,
Сандармен шындық сырын өрнектеген.
Бюромызда еңбегі бар әр жанға,
Тілек айтам – шыңға биік өрлеңіз деген.
Әріптестер – бірлігіміз, қуатымыз,
Әділдік пен адалдық – мұратымыз.
Санға қарап елдің ертеңін болжайсыздар,
Биік болсын әрқашанда ұлы атыңыз.
Құтты болсын Конституция мерекесі,
Арта берсін бейбіт елдің берекесі.
Татулық, ынтымақпен өмір сүрсек,
Жарқырайды Қазақстанның келешегі.
Мерекеде айтқаным ғой бар тілегім,
Қабыл алыңыздар әріптестің шын жүрегін.
Ата Заңның айбынымен асқақтап,
Бірлікте жасай берсін бар тірегім.
Құралбек Ақмоншақ