10.07.2026
Ұлттық статистика бюросының 16 қызметкері М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі атанды
Ұлттық статистика бюросының 16 қызметкері М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистрі атанды
2026 жылғы 9 шілдеде М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалында түлектерге диплом табыстау рәсімі өтті.
Түлектер қатарында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының 16 қызметкері бар. Олар «Экономика» бағыты бойынша «Қазіргі экономикадағы статистика және деректерді басқару» бірлескен магистрлік бағдарламасы бойынша оқуын сәтті аяқтады. Оның ішінде 13 қызметкер Бюроның орталық аппаратында, ал 3 қызметкер Астана қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінде жұмыс істейді.
Қызметкерлерді аталған бағдарлама бойынша даярлау Ұлттық статистика бюросының кадрлардың біліктілігін арттыру және кәсіби құзыреттерін дамыту бағытындағы жүйелі жұмысының бір бөлігі болды. Бюро адами капиталды дамытуға тұрақты түрде инвестиция салып, цифрлық трансформация жағдайында ұлттық статистика жүйесін жетілдіруге қажетті заманауи білім мен практикалық дағдыларды меңгеруге қызметкерлер үшін мүмкіндік жасауда.
Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы Ұлттық статистика бюросымен бірлесіп жүзеге асырып отырған магистрлік бағдарламаның алғашқы түлектері – осы ынтымақтастықтың маңызды нәтижесі әрі ведомствоның кадрлық әлеуетін нығайту жолындағы кезекті қадам.
Салтанатты рәсімге Бюро басшылығы қатысты. Түлектерге арнаған құттықтау сөзінде Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Бюро мен М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалы арасындағы 2022 жылы басталған ынтымақтастық мемлекет, ғылым және білім беру салаларының өзара іс-қимылының табысты үлгісі болғанын атап өтті.
Ол бірлескен магистрлік бағдарламаның статистика, деректерді талдау және цифрлық экономика салаларында заманауи білімге ие жаңа буын мамандарын даярлау мен әріптестікті дамытудың маңызды кезеңі екенін атап көрсетті.
Ұлттық статистика бюросы өз қызметкерлерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтап, оларға алдағы кәсіби қызметінде толағай табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.
Тізімге оралу