ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Заң департаменті Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты өкілдерінің қатысуымен Бюро қызметкерлеріне нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу сапасын арттыру және ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу мәселелері бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеу, ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу және Институтпен өзара әрекеттесу мәселелері қаралды.
Мұндай іс-шараларды өткізу Бюро қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға және нормашығармашылық жұмыстың сапасын жетілдіруге ықпал етеді.