Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті
24.10.2024

Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты шара өтті, басқосу барысында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау және жас мамандар ата-анасын алғыс хатпен марапаттау рәсімі өтті. Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев өзінің құттықтау сөзінде Республика күнінің тарихи және саяси маңыздылығын атап өтті.
"Бұл күн Қазақстан халқының бірлігін және Отанға деген шексіз сүйіспеншілігімізді білдіреді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы мығым және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Біздің басты мақсатымыз — бейбітшілік пен келісімнің болуы, әр үйдің амандығы", — деді М.Тұрлыбаев.
Іс-шара барысында жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер салтанатты түрде мемлекеттік қызметшінің антын қабылдады. 

Сондай-ақ жас мамандардың ата-анасы Бюро басшысының қолынан алғыс хаттар алды.
"Жас мамандар — еліміздің болашағы. Біздің талантты мамандардың ата анасына лайықты ұрпақ тәрбиелегені үшін алғысымды білдіреміз", — деп түйіндеді ол.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші