Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
16.04.2025
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр
Ұлттық статистика бюросында MICS–2024 деректерін валидациялау бойынша семинар өтіп жатыр

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросында 2024 жылғы Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) аясында деректерді валидациялау мен нәтижелерді жинақтау бойынша үш күндік семинар өз жұмысын бастады. Бұл – халықаралық стандарттарға сай келетін, еліміздің мемлекеттік және әлеуметтік саясаты үшін өзекті әрі сенімді ақпарат көзіне айналатын ресми есепті әзірлеудегі шешуші кезең.

Семинар жұмысына Ұлттық статистика бюросының басшылығы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілдігі, «Қазақстан балалар қоры» қоғамдық қоры, сондай-ақ еліміздің бірқатар мемлекеттік органдары – Оқу-ағарту, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары және ирригация министрліктері, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ сынды мекемелердің өкілдері қатысып жатыр.

Семинардың басты мақсаты – ЮНИСЕФ-тің жаһандық бастамасы аясында жүзеге асырылған MICS 2024 зерттеуінің нәтижелерін мұқият сараптап, алынған деректердің дұрыстығы мен сапасын растау.

«MICS зерттеуі аясында біз Қазақстандағы балалар мен әйелдердің әл-ауқаты туралы бірқатар маңызды көрсеткіштер бойынша – денсаулық, тамақтану, білім алу, зорлық-зомбылықтан қорғау мен тұрмыстық мүмкіндіктер теңдігі тұрғысынан – өзекті әрі сенімді деректер жинадық. Біз алынған ақпараттың дәлдігіне, салыстырмалылығына және ашықтығына ерекше назар аударамыз», – деді Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Семинар бағдарламасы кең ауқымды тақырыптарды қамтиды. Атап айтқанда, балалардың денсаулығы мен дамуы, олардың қауіпсіз және таза ортадағы тұрмысы, тамақтану, репродуктивті, ана мен бала, ересектер денсаулығы, сондай-ақ білім беру, дағдылар мен қабілеттерді дамыту мәселелері қарастырылады. Бұдан бөлек, өмірлік мүмкіндіктер теңдігі (EQ.5.1) тақырыбына арналған арнайы пікірталастар ұйымдастырылады.

«MICS - бұл балалардың жағдайы туралы ұлттық және өңірлік деңгейде репрезентативті деректерді ұсынатын ең ірі және бірегей зерттеу. Ол бүкіл ел деңгейінде де, әрбір облыс бойынша да балалардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған бюджеттер мен бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік беретін сенімді деректерді ұсынады. Қазақстан Үкіметімен бірлесе отырып, біз әрбір баланың жан-жақты дамуына қажетті сапалы қызметтер мен мүмкіндіктерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтыламыз», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі доктор Рашед Мустафа Сарвар.

Семинар қорытындысы бойынша жинақталған деректерге талдау жасалады. Олар алдағы ресми есеп дайындау кезінде негізге алынып, еліміздегі балалар мен әйелдердің өмір сапасын жақсартуға бағытталған шараларды жүйелі түрде жүзеге асыруға сеп болады. MICS зерттеуінің түпкілікті нәтижелері 2025 жылғы мамыр айында көпшілік назарына ұсынылмақ.

Анықтама: ЮНИСЕФ әзірлеген MICS халықаралық зерттеуі 1996 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бұған дейін Қазақстанда бұл зерттеу 2006, 2010 және 2015 жылдары жүргізілген болатын.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші