Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросында басшының жаңа орынбасары тағайындалды
31.10.2024
Ұлттық статистика бюросында басшының жаңа орынбасары тағайындалды
Ұлттық статистика бюросында басшының жаңа орынбасары тағайындалды

Фархат Қалиев Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін бюроның деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры қызметін атқарған.

2002 жылы Шығыс Қазақстан Университетін «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы ШҚО статистикалық ақпарат орталығы Ұлан аудандық статистика тобының аға есепсіші (штаттан тыс қызметкері) ретінде бастаған.

2003-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы статистика басқармасының Ұлан ауданының статистика бөлімінде түрлі позицияларда жұмыс істеді.

2007 жылы Астана қаласына Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің микроэкономикалық статистика департаментінің инновациялар және туризм статистикасы бөліміне жетекші маман болып ауысты.

2008 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінде жетекші, бас маман және басқарма басшысы лауазымдарын атқарды.

2016-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасын басқарды.

2021 жылдан бастап ҚР CЖРА Ұлттық статистика бюросының статистикалық процестерді дамыту департаментінің орынбасары, кейін директоры қызметін атқарды.

Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қалиев ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары лауазымында ол ақпараттық технологиялар, статистикалық деректерді жинау және өңдеу процестерінің әдіснамасы мен автоматтандыру мәселелеріне жетекшілік ететін болады.

«Статистика үздігі» төсбелгісімен, «ҚР Құрмет грамотасымен», «Астана 20 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші