Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұлттық статистика бюросы ресми статистиканың сапасын басқару бойынша Ұлыбритания тәжірибесін зерделеді
24.09.2026
Ұлттық статистика бюросы ресми статистиканың сапасын басқару бойынша Ұлыбритания тәжірибесін зерделеді

Ұлттық статистика бюросының өкілдері Ұлыбританияның Ұлттық статистика басқармасы (ONS) және Статистиканы реттеу басқармасына (OSR) жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында тараптар ресми статистиканың сапасын қамтамасыз ету, тәуелсіз реттеу, статистикалық өнімдердің белгіленген стандарттарға сәйкестігін бағалау, сондай-ақ баға статистикасын жаңғырту тәсілдерін талқылады.

Trustworthiness, Quality and Value қағидаттарын қолдану, статистиканың белгіленген стандарттарға сәйкестігін тұрақты бағалау және деректерді өндірудің барлық кезеңдерінде сапаны басқару бойынша Ұлыбританияның тәжірибесіне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар деректердің баламалы көздерін пайдаланудың және баға статистикасын жетілдірудің заманауи тәсілдерін талқылады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар ресми статистиканың сапасын басқару жүйесін одан әрі жетілдірудің практикалық тәсілдерімен тәжірибе алмасты. Алынған тәжірибе сапаны бағалаудың қолданыстағы құралдарын одан әрі дамытуда, оның ішінде өзін-өзі бағалау, сапаны арттыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, тәуекелдерді есепке алу және нәтижелерге кейінгі мониторинг жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Деректер сапасының ұлттық стандартын өзектендіру бағыттарында ескерілетін болады.

Бюро сондай-ақ ONS және OSR-мен сапаны қамтамасыз ету процестерін ұйымдастыру, деректердің жаңа көздері мен модельдерін қолдану, баға статистикасын жаңғырту, сондай-ақ статистикалық өнімдердің сапасын арттыру құралдарын практикалық тұрғыда енгізу мәселелері бойынша кәсіби тәжірибе алмасуды жалғастыруды жоспарлап отыр.

Тізімге оралу