Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен онлайн-сессия өткізді
21.11.2024
Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен онлайн-сессия өткізді
Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен онлайн-сессия өткізді
Ұлттық статистика бюросында ресми статистикалық ақпарат пайдаланушыларының қатысуымен онлайн-сессия өтті. Іс-шара барысында экономика салаларының түрлі статистикасы бойынша негізгі мәселелер талқыланды.

Онлайн-сессияның мақсаты өнеркәсіп өндірісі, қоршаған ортаны қорғау, электрондық коммерция, еңбекақы, демография, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету және білім беру сияқты салалардағы статистиканың өзекті мәселелерін талқылау болды. 

Бюро басшысының орынбасары Фархат Қалиев алғысөзінде Бюроның пайдаланушыларды деректермен қамту үшін ыңғайлы жаңа құралдар жасау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

«Деректердің қолжетімділігін арттыру үшін біз www.stat.gov.kz веб-сайтымыздың құрылымын үнемі жетілдіріп отырамыз және ақпаратты ұсынудың жаңа форматтарын енгіземіз. Мысалы, биыл біз аккредиттелген пайдаланушыларға микродеректерге жан-жақты қолжетімділікті қамтамасыз ететін «Зерттеуші кабинетін» іске қостық», – деп атап өтті Ф. Қалиев.
Онлайн-сессияда Бюроның ресми сайтында ұсынылған «Тұрақты даму мақсаттары» бөліміне ерекше көңіл бөлінді. 

Сонымен қатар, сессияға қатысушыларға жақында кең аудиторияға қолжетімді болатын «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы» журналының макеті көрсетілді.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші