Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпарат пайдаланушыларының қатысуымен кезекті онлайн-сессия өткізді, онда қатысушылар бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен және деректерді сәйкестендірілмеген түрде алуға өтінім беру тәсілдерімен танысты. Сондай-ақ тыңдаушыларға stat.gov.kz сайтына енгізілген жаңашылдықтар туралы айтылды.
Бюро басшысының орынбасары Фархат Қалиев өз алғысөзінде Бюро ресми статистика пайдаланушыларын деректермен қамту деңгейін арттыруға бағытталған ыңғайлы құралдарды жасау бойынша белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті. "Деректер қолжетімді болу үшін біз stat.gov.kz сайтының құрылымын үнемі жетілдіріп отырамыз, ақпаратты ұсынудың жаңа форматтарын енгізіп жатырмыз", - деп атап өтті ол.
Сессияның маңызды бір бөлігі пайдаланушыларға қолдау көрсететін және кеңес беретін Бюроның байланыс орталығының жұмысын талқылау болды.
Сонымен қатар қатысушылар деректерді сәйкестендірілмеген түрде алу процесімен танысты. Бүгінгі таңда ғылыми және халықаралық ұйымдар, сондай-ақ жоғары оқу орындары мәліметтер базасын алуға өтінім бере алады. Ол үшін stat.gov.kz сайтында "Пайдаланушының жеке кабинетіне" кіріп, тиісті өтініш беру қажет. Деректерді алу бойынша толық ақпаратты, сондай-ақ бюроның деректер пайдаланушыларының тізімін "Зерттеушілер үшін" бөлімінен көруге болады.