Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы 2024 жыл қорытындысы
31.12.2024
Ұлттық статистика бюросы 2024 жыл қорытындысы
Ұлттық статистика бюросы 2024 жыл қорытындысы

Ұлттық статистика бюросы 2024 жылдың қорытындыларын шығарып отыр. Осы жылы статистика саласында маңызды өзгерістер болды, бұл деректердің сенімділігін және сапасын арттыруға ықпал етті. Биыл заңнамаға статистикалық қызметті күшейтуге мүмкіндік беретін бірқатар өзгеріс пен толықтыру енгізілді. Бюро әкімшілік дереккөздерге жататын мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар деректерінің сапасын бағалау бойынша өкілеттік алды. Осы жылы 14 дерекқордың сапасын бағалау бойынша 79 іс-шара өткізілді. 2024 жылы деректерді стандарттау және ретке келтіру үшін маңызды қадам болған эталондық анықтамалық ақпарат құрылды, бұл олардың салыстырмалылығын және қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.

Биыл Бюро баламалы дереккөздермен жұмысын күшейтті. Олардың негізінде эксперименттік статистика бөлімінде көрсетілген бірқатар зерттеу жүргізілді. Электрондық шот-фактуралар, ілеспе құжаттар, зейнетақы жарналары, мобильді операторлар, ғарыштық мониторинг және басқа да дереккөздерден алынған деректерді статистикалық өндірісте белсенді пайдалану жоспарлануда. Сыртқы дереккөздер Бюроға респонденттерге есеп беру жүктемесін азайтуға және дереккөздер ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Биыл маңызды деген пилоттық ауыл шаруашылығы санағы мен халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу сәтті аяқталды. Халықтың статистикалық сауатын арттыру мақсатында dataliteracyhub.stat.gov.kz оқыту платформасы іске қосылды, сондай-ақ жастар арасында «Qazdatathon» ұлттық конкурсы өткізілді. Биыл 1446 байланыс орталығы 112 мыңнан астам өтініш қабылдады. Өз кезегінде респонденттерден 6,1 миллион статистикалық есеп алынды.

Келесі жылға ауыл шаруашылығы санағын өткізу және әкімшілік әрі баламалы дереккөздерді енгізуді жалғастыру сияқты маңызды бастамалар жоспарланған, бұл есеп беру формаларын қысқартуға ықпал етеді. Сондай-ақ респонденттер кабинетін жаңарту және «Талдау» ақпараттық-аналитикалық жүйесін модернизациялау күтілуде. Қомақты деректерді өңдеу үшін жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді кеңінен қолдану статистика саласындағы жұмысты жақсартудың тағы бір қадамы болады. Осылайша, 2024 жыл Ұлттық статистика бюросы үшін жұмыс тиімділігін арттыруда маңызды кезең болды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші