27.05.2024
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы статистика бойынша Халықаралық студенттер олимпиадасының жүлдегері атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер тобы ТМД мемлекетаралық статистика комитеті ұйымдастырған II Халықаралық студенттер олимпиадасының жүлдегері атанды.
7 мемлекеттен барған 13 команданың қатарында Қазақстаннан Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенттері де болды. Олимпиада барысында қатысушылар команданы шығармашылық таныстыру, жеке тестілеуден өту және «Бір мақсат мысалында тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу» тақырыбында баяндама жасау кезеңдерінен өтті.
Олимпиада қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы үшінші орынға ие болды, екінші орында – Беларус мемлекеттік экономикалық университетінің командасы, ал бірінші орынды қиыр шығыс федералды университетінің студенттері иеленді. Бөкетов атындағы ҚарМУ командасы «Еңбек әлеуеті бойынша үздік талдау» номинациясын жеңіп алды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылғы олимпиадада М. В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандық филиалының командасы бірінші орынды иеленген.
Олимпиада қатысушыларын лайықты жеңісімен құттықтаймыз және телегей табысқа жете беруін тілейміз!
Тізімге оралу