Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Халықаралық сарапшылар Ұлттық статистика бюросының зерттеуші кабинетінен қызығушылық танытуда
03.10.2025
Халықаралық сарапшылар Ұлттық статистика бюросының зерттеуші кабинетінен қызығушылық танытуда
Халықаралық сарапшылар Ұлттық статистика бюросының зерттеуші кабинетінен қызығушылық танытуда
Дүниежүзілік банктің экономисі Владимир Колчин зерттеу жұмысы аясында Қазақстандағы өмір сүру деңгейіне қатысты деректерді талдауға мүмкіндік алды. 

Арнайы жабдықталған зерттеуші кабинетінде ол деидентификацияланған түрде статистикалық дерекқорларды зерттеді. 

Зерттеуші кабинеті халықаралық ұйымдар мен тәуелсіз зерттеушілерге ресми деректер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді, бұл ретте құпиялылық стандарттары толық сақталады. Барлық деректер анонимді форматта ұсынылады, бұл жеке және заңды тұлғаларды сәйкестендіру мүмкіндігін болдырмайды. 

Деректерге қол жеткізу үшін
stat.gov.kz ресми сайтындағы Пайдаланушы кабинетінде өтінім беру қажет. 

Халықаралық ұйымдар бұл деректер базасын тек арнайы жабдықталған зерттеуші кабинетінде пайдалана алады, бұл бақыланатын әрі қорғалған зерттеу ортасын қамтамасыз етеді. 

Бұл шешім ғылымның дамуына ықпал етіп, зерттеу жобаларына жаңа мүмкіндіктер ашады, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасындағы білім алмасуды қолдай отырып, ғылыми ынтымақтастықты нығайтады.

Тізімге оралу