01.07.2026
Қазақстан Республикасындағы инфляция
2026 жылғы маусымда Қазақстан Республикасында инфляция 0,8% құрады. Кейбір азық-түлік тауарларының бағасында маусымдық төмендеу байқалғанымен, бағаның айлық динамикасына қызметтердің және азық-түлік емес тауарлардың жекелеген түрлері ең көп үлес қосты.
Бір айдың ішінде жекелеген көкөністер мен тамақ өнімдері арзандады. Мәселен, тәтті бұрыш бағасы – 12,6%, қызылша – 7,8%, жұмыртқа – 3,8%, банан – 3,3%, баялды – 1,7%, қара шай – 1,1%, бидай жармасы мен алма – 0,8%, шоколад пастасы – 0,3% төмендеді.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың арасында бірқатар ұзақ пайдаланылатын тауарлар мен медициналық өнімдер бағасының төмендеуі байқалды. Мәселен, шаңсорғыш – 7,2%, үтік – 5,4%, медициналық бетперде – 4,1%, электр шәйнек – 2,9%, модемдер мен роутерлер – 1,5%, ноутбук – 1,2%, парацетамол – 0,8%, қолға арналған крем – 0,6% арзандады.
Ал, ақылы қызметтер арасында ыстық су тарифтері 3,7%, суық су тарифтері 3,2% төмендеді.
Жылдық мәнде 2026 жылғы маусым айында инфляция 10,3% құрады. Бұл ретте жеміс-жидек және көкөніс өнімдерінің жекелеген түрлері бойынша өткен жылмен салыстырғанда бағаның айтарлықтай төмендеуі сақталып отыр. Мәселен, қызылша – 26,9%, қызанақ – 23,8%, қияр – 20,8%, пияз – 15,9%, сарымсақ – 11,9%-ға арзандады.
Ұзақ пайдаланылатын жекелеген азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының төмендеуі жалғасуда. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда автомобильдер – 9,9%, кондиционерлер – 9,7% арзандады, сондай-ақ жекелеген дәрілік препараттар мен тұрмыстық техника да құнының төмендегенін көрсетіп отыр.
2025 жылғы маусыммен салыстырғанда суық су тарифтері 40,8% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 537 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.
*2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер 30,5% құрады.
Тізімге оралу