Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
ФАО ның халықаралық сарапшылары 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы алдында бюро қызметкерлеріне семинар өткізді
15.11.2024
ФАО ның халықаралық сарапшылары 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы алдында бюро қызметкерлеріне семинар өткізді
ФАО ның халықаралық сарапшылары 2025 жылғы ауыл шаруашылығы санағы алдында бюро қызметкерлеріне семинар өткізді
Астанада ФАО-ның Статистика жөніндегі халықаралық сарапшыларының қатысуымен Бюро қызметкерлері үшін оқыту семинары өтті. 

Бес күн ішінде ФАО сарапшылары – Расмия Алиева, Джордж Квиникадзе және Энтони Бургард озық тәжірибелерге, цифрлық деректерді жинау және өңдеу әдістеріне арналған сессиялар өткізді, сондай-ақ алдағы ауылшаруашылық санағында әкімшілік деректер мен цифрлық тіркелімдерді пайдалану перспективаларын талқылады.
«Ұлттық ауылшаруашылық санағы 2025 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында өтеді. Біздің ортақ жұмысымыз еліміздегі ауыл шаруашылығы санағы бойынша әдіснама мен практиканы жетілдірудегі маңызды қадам болатынына сенімдімін. Бірлесе отырып, біз халықаралық стандарттарға сай келетін ауқымды науқанды табысты түрде өткізе аламыз деп ойлаймын», – деп атап өтті Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев. 
Айта кетейік, семинар БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) көмегі аясында Ұлттық статистика бюросының бастамасымен «2025 жылғы ұлттық ауыл шаруашылығы санағын өткізу үшін техникалық қолдау» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші