Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Еркебұлан Иембердиев статистиканы дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады
12.10.2026
Еркебұлан Иембердиев статистиканы дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады
Еркебұлан Иембердиев статистиканы дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады
Еркебұлан Иембердиев статистиканы дамыту мәселелері бойынша баяндама жасады
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев Алматы гуманитарлық-экономикалық университетінде өткен «Ғылыми зерттеулердегі ресми статистика және деректер экономикасы: заманауи дереккөздер, әдістер мен мүмкіндіктер» атты ғылыми семинарда баяндама жасады.

Семинар аясында ресми статистиканы дамытудың өзекті мәселелері, статистикалық ақпаратты тарату тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ әртүрлі санаттағы пайдаланушылар үшін деректердің сапасын, ашықтығын және қолжетімділігін арттыру мәселелері қарастырылды.

Баяндамада статистикалық үдерістерді цифрландыруға, деректердің жаңа көздерін енгізуге және статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде әкімшілік ақпаратты пайдалануды жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар семинарға қатысушылар деректер экономикасын дамыту және деректерді маңызды экономикалық ресурс ретінде пайдалану мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, мемлекеттік органдар, ғылыми қоғамдастық және бизнес арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды кеңейту, сондай-ақ ғылыми зерттеулер мен талдамалық жұмыстарда статистикалық деректерді пайдалану әлеуеті сөз болды.

Семинар ресми статистиканы одан әрі дамыту мәселелері бойынша пікір алмасу алаңына айналды.

Тізімге оралу