Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 4,4% өсті
29.11.2024
Ең төменгі күнкөріс деңгейі 4,4% өсті
Қараша айында республика бойынша жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 49 756 теңгені құрады – бұл 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,4% жоғары.

Абсолюттік мәнде ең жоғары күнкөріс деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді – 60 561 теңге. Одан кейін Астана – 53 560 теңге, Алматы қалалары – 53 167 теңге. Ең төменгі көрсеткіш Қызылорда облысында – 44 625 теңге.

Ең төменгі күнкөріс деңгейі – бір адамға шаққандағы ең төменгі ақшалай кіріс мәні, мұндағы сома тұрмысқа қажетті өнімдердің, тауарлар мен қызметтердің ең аз жиынтығының құнына тең.

Минималды жиынтық азық-түлік себетінен және азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындардың белгіленген үлесінен тұрады (жалпы соманың 45% құрайды). Азық-түлік тізіміне 43 өнім кіреді: ет, балық, сүт, май, нан, көкөністер мен жемістер, жұмыртқа, қант, шай және дәмдеуіштер. Берілген минимумның құнын білу үшін өнімнің орташа бағасы тұтынудың ең төменгі мөлшеріне көбейтіледі. Айта кетейік, бұл көрсеткіш ай сайынғы негізде есептеледі және атаулы әлеуметтік көмекті есептеу мен халық табысын саралау үшін ғана пайдаланылады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші