Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Еңбек нарығындағы жағдай
14.05.2024
Еңбек нарығындағы жағдай
2024 жылғы I тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7% құрады1).
Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 167,3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 981,4 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,2%) жалдамалы қызметкер болса, 2 185,9 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,8%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 64,8% құрады.
15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,1% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы сәуір айының соңына 315,6 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3,3%-ын құрады.


Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші