Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Еңбек нарығындағы жағдай
13.02.2024
Еңбек нарығындағы жағдай

2023 жылғы IV тоқсанда Қазақстандағы Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,7%1) құрады.

Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 042,3 мың адам жұмыспен қамтылды, олардың 6 906,3 мыңы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,4%) жалдамалы қызметкер болса, 2 136 мың адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,6%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халыққа шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65,1% құрады.

2022 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 76,7 мың адамға өсті, негізінен жалдамалы жұмыспен қамтылғандар есебінен 75,4 мың адамға, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар есебінен 1,3 мың адамға.

Жұмыспен қамтылған халық санының ең көп өсімі ақпарат және байланыс, кәсіби және ғылыми қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс салаларында байқалды.

15-34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,4% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,1% (379,37 мың адам) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2024 жылғы қаңтар айының соңына 264,5 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 2,8%-ын құрады.

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.

2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші