Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюроның сегіз қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті
26.06.2026
Бюроның сегіз қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті
Бюроның сегіз қызметкері Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсті
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026-2027 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға алдын ала қабылдау нәтижелерін жариялады. Конкурстық іріктеуден сәтті өткендердің қатарында Ұлттық статистика бюросының сегіз қызметкері бар.

Биыл Академияның ақпараттық жүйесі арқылы 1 338 өтінім берілді. Құжаттарды тексеру нәтижесінде конкурсқа 745 үміткер жіберіліп, олардың 694-і іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өтті.

Бюро қызметкерлерінің алтауы магистратураға, тағы екеуі докторантура бағдарламасына оқуға түсті. Олардың қатарында Бюроның орталық аппараты мен Қызылорда облысы бойынша статистика департаментінің өкілдері бар. Оқуға түскен қызметкерлер кадр саясаты, деректер сапасын бақылау, ұлттық шоттар, халық және баға статистикасы бағыттарында еңбек етеді.

Бюроның басым міндеттерінің бірі – қызметкерлердің біліктілігін, кәсіби құзыреттерін және ынтасын арттыруға бағытталған кадрлық әлеуетті дамыту. Бұл еңбек өнімділігі мен Бюро қызметінің жалпы тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы қызметкерлердің кәсіби дамуға ұмтылысын қолдап, олардың біліктілігін арттыруға жағдай жасайды. Академияда білім алу мамандарға кәсіби білімдерін тереңдетуге және қызметінде заманауи тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бюро еліміздің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастықты дамытуда. Қазіргі уақытта қазақстандық университеттермен 59 меморандум жасалған, оның ішінде 16-сы орталық аппаратпен, 43-і аумақтық бөлімшелермен жасалды. Жыл басынан бері орталық аппаратта және өңірлік бөлімшелерде еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттері үшін оқу және өндірістік тәжірибелер ұйымдастырылды.

Бұл жұмыс кадрлық әлеуетті нығайтуға, талдамалық құзыреттерді дамытуға және мемлекеттік статистика жүйесі үшін білікті мамандар даярлауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын еліміздің жетекші оқу орны болып табылады.

Әріптестерімізді конкурстық іріктеуден сәтті өтуімен құттықтаймыз!

Магистратура:
Каненова Камилла Нұрымжанқызы (Деректер сапасын бақылау және коммуникацияларды дамыту департаментінің Коммуникацияларды тарату және дамыту басқармасының бас сарапшысы);
Саликова Асель Толегеновна (Халық статистикасы департаментінің Халықты зерттеу және әлеуметтік статистика басқармасының бас сарапшысы);
Құсайын Сырым Тұрсынбайұлы (Баға статистикасы департаментінің Тұтыну бағасы статистикасы басқармасының бас сарапшысы);
Серік Дарын Әбілқасұлы (Ұлттық шоттар департаментінің Қорланым шоттары және қосалқы шоттар басқармасының бас сарапшысы);
Абильдаев Айбек Жантуреевич (Қызылорда облысы бойынша Бюро департаменті басшысының орынбасары);
Акмаганбетова Бахыт Мынжасаровна (Қызылорда облысы бойынша Бюро департаментінің Кадр жұмысы және құжат айналымы бөлімінің басшысы).

Докторантура:
Жақыпбекұлы Қуанышбек (Баға статистикасы департаменті директорының орынбасары);
Кузембай Әсел Жамалбекқызы (Құзыреттерді дамыту департаментінің Оқу-әдістемелік жұмыстар басқармасының басшысы).

Тізімге оралу