Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюроның бірыңғай байланыс орталығының қызметіне 1 жыл
01.04.2024
Бюроның бірыңғай байланыс орталығының қызметіне 1 жыл
Статистика мәселелері бойынша кері байланыстың бірыңғай және әмбебап ресурсы – Ұлттық статистика бюросының 1446 байланыс орталығының қызметіне бір жыл толып отыр.

Байланыс орталығының операторлары мемлекеттік және орыс тілдерінде кәсіби консультациялық қолдау көрсетеді.

Олар статистикалық ақпарат пайдаланушыларына қажетті деректерді тауып, бюро сайтымен жұмыс істеуге, статистикалық нысандарды толтыру әдістемесін түсіндіріп, статистикалық есептерді ұсыну кезінде техникалық қолдау көрсетуге көмектеседі.

«Бүгінде байланыс орталығында 10 оператор жұмыс істейді, бір жылда олар 76 мыңнан астам өтініш қабылдап үлгерді. Жоғалған қоңыраулар көрсеткіші – 3%, ал желіде күту уақыты орта есеппен 1 минуттан аспайды. Бұл жай ғана байланыс орталығы емес, омниканалды жүйе екенін атап өткім келеді. Біз пайдаланушылармен телеграм бот және онлайн-кеңесші арқылы кері байланыс орнаттық. Аудиториямыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жетілдіру жұмыстарын жалғастырамыз. Кері байланыс процестерін жақсарту үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану да жоспарда бар», – дейді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.
Байланыс орталығының қоңырауларды қабылдау уақыты жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, қалалық не ұялы телефоннан қоңырау шалу – тегін. 

Сондай-ақ пайдаланушылар stat.gov.kz сайтында онлайн-кеңесшіге, телеграмдағы statgovkz_bot ботына жазбаша түрде хабарласа алады.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші