30.09.2026
Бюрода жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша онлайн-сессия өтті
Ұлттық статистика бюросында ұйымдастырылған онлайн-сессияда жергілікті атқарушы органдардың статистикалық қызметке қатысуы, ресми статистикалық ақпарат пен әкімшілік деректерді ұсыну мәселелері талқыланды.
Іс-шараға ҰСБ құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушы жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Сессияны Бюро басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев жүргізді.
Онлайн-сессия барысында мемлекеттік статистиканы дамыту, статистика саласындағы заңнама, жергілікті атқарушы органдардың статистикалық қызметтегі рөлі мен жауапкершілігі, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сондай-ақ әкімшілік деректер сапасын бағалау нәтижелері қаралды.
Бюроның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары стратегиялық жоспарлау және әдіснама, заңнама, статистикалық тіркелімдер мен жіктелімдер, аграрлық статистика, құзыреттерді дамыту және әдеп, сондай-ақ деректер сапасын бақылау мәселелері бойынша негізгі баяндамалар жасады.
Сессия барысында ұсынылатын деректердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ деректерді белгіленген мерзімде ұсыну және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік статистика органдарымен өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Тізімге оралу