02.10.2026
Бюрода Ресми статистика өндірушілер кеңесінің отырысы өтті
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында өткен Ресми статистика өндірушілер кеңесінің отырысында әкімшілік деректерді ресми статистиканы қалыптастыруда пайдалану және олардың сапасын бағалау нәтижелері қаралды.
Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» (ЖББП) және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық білім беру деректер базасы» (ҰБДБ) цифрлық жүйелерінен алынатын әкімшілік деректерге баса назар аударылды.
Қатысушылар аталған цифрлық жүйелердің деректерін ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыруда пайдалануға көшу мәселелерін, сондай-ақ олардың сапасын бағалау және бақылау іс-шараларының нәтижелерін қарады.
Бюро әкімшілік деректердің сапасын бағалау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде. 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 27 цифрлық объекті бойынша 179 бағалау жүргізілді.
Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев әкімшілік деректерді басқаруға жүйелі тәсілдің және олардың сапасын бағалау тетіктерін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті. Ресми статистиканы қалыптастыруда пайдаланылатын деректердің дұрыстығына, толықтығына және өзектілігіне ерекше назар аударылды.
Отырыста деректерді өзектендіру, бірыңғай анықтамалықтар мен ұлттық сыныптауыштарды қолдану, форматтық-логикалық бақылауды жетілдіру және деректерді басқарудың ішкі процестерін дамыту мәселелері де қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша әкімшілік деректердің сапасын арттыру жөніндегі алдағы шаралар айқындалды. Бюро ресми статистиканы қалыптастыруда пайдаланылатын деректерді жетілдіру бойынша мемлекеттік органдармен жұмысты жалғастырады.
Тізімге оралу