Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюрода Мемлекеттік рәміздер күні атап өтілді
04.06.2026

4 маусым күні Ұлттық статистика бюросында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Жұмыс күні Мемлекеттік Әнұранды орындаудан басталды. Бюро қызметкерлері кабинеттерінен шығып, бірге Әнұран орындап, мемлекеттік рәміздерге деген құрметі мен елге деген сүйіспеншілігін танытты.

Бұл игі дәстүр мемлекеттік құндылықтардың маңызын еске салып, патриоттық рухты нығайтуға және тәуелсіз Қазақстанның тарихи жолына деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

Ұлттық статистика бюросы патриотизм, азаматтық жауапкершілік және мемлекет мүддесіне адал қызмет ету қағидаттарын жоғары бағалайды. Бұл құндылықтар Бюроның кәсіби қызметі мен қоғамдық миссиясының ажырамас бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны 1992 жылғы 4 маусымда бекітілді. Ал 2007 жылы бұл күн мемлекеттік мереке мәртебесіне ие болды.

#РәміздерРухы 
#КонституцияКүші 
#РәмізгеҚұрмет 
#МеніңТуымМеніңМақтанышым 
#ТуымызТөрімізде

#МеніңТуым

Тізімге оралу