Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюрода мемлекеттік басқару академиясының білім алушыларына арналған қонақ дәрісі өтті
16.11.2023
Бюрода мемлекеттік басқару академиясының білім алушыларына арналған қонақ дәрісі өтті


Ұлттық статистика бюросы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына арналған қонақ дәрісін өткізді.

Дәріс барысында деректерді жинау және түсіндіру әдіснамасы, ресми статистиканы тарату жолдары бойынша сұрақтар қаралды. Сондай-ақ, бюроның жаңартылған сайты, оның бөлімдері және негізгі құралдары таныстырылды. Бюроның әкімшілік деректер сапасын бақылау жөніндегі жаңа тәсілдері – дата-бақылаушылар институтын құру мәселелері бөлек баяндамада қамтылды.

Дәріс қатысушылары статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасымен танысып, деректерді мемлекеттік басқаруда қолдануға бірегей мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Бюро мен мемлекеттік басқару академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум жұмыс істейді, ол тәжірибе мен білім алмасу мәселелерін де қамтиды. Құжатқа сәйкес, бюро өз алаңында МБА оқушылары үшін екінші қонақ дәрісін өткізді.


Тізімге оралу

Онлайн кеңесші