Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюрода аймақтық департамент басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы өтті
23.05.2023
Бюрода аймақтық департамент басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы өтті


Өңірлік филиал директорларының қатысуымен ұйымдастырылған кезекті алқа отырысында Бюро басшысы Жандос Шаймарданов 2023-2025 жылдарға арналған мемлекеттік статистика мен ұлттық деректер экожүйесін дамытудың Жол картасы шеңберіндегі іс-шаралардың іске асырылу барысы жайында баяндады.

Ол институционалдық-ұйымдастырушылық қайта құру мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Бүгінгі таңда Бюро мемлекеттік статистика және деректерді басқару мәселелері бойынша заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізу бойынша бастама көтерді, онда әкімшілік және баламалы көздерді пайдалану, сондай-ақ олардың рөлі мен жауапкершілігі мәселелерін бекіту көзделеді.

Сондай-ақ Бюро басшысы бюрода Ұлттық статистика жүйесінің әлеуетіне жаһандық бағалаудың өткізілуіне тоқталды.

«Бағалау шеңберінде 2023 жылғы наурызда БҰҰ ЕЭК статистика бөлімі, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуростат және еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕАТ) сарапшылары келді. Мамандар бюро өкілдерімен қызметті жоспарлау, салалық статистиканың ағымдағы жағдайы, заңнама, адами және қаржы ресурстарын ұйымдастыру және т. б. мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Бұл жаһандық бағалау ЭЫДҰ 2025 жылға дейін іске асырып жатқан бірлескен жобаның бір бөлігі, нәтижесіде бюро ЭЫДҰ статистика және статистикалық саясат комитетінің «мүшесі» мәртебесін алуы тиіс», - деп түйіндеді Ж.Шаймарданов.

Сондай-ақ алқа отырысында өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаментінің директоры Әсел Шауенова мал басы бойынша деректерді салыстыру нәтижелерін ұсынды. Алқа барысында статистикалық процестерді дамыту департаментінің директоры Фархат Қалиев республикалық деңгейде «Бірыңғай байланыс орталығы» және өңірлердегі «Бір терезе» қызметтерін біріктіретін фронт-офис жұмысының аралық қорытындысын шығарды.

Сонымен қатар отырыста құқықтық практика, аумақтық бөлімшелердің ұйымдық құрылымы және бюроның бизнес-процестерінің бірыңғай архитектурасын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші