Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюрода аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен кезекті алқа отырысы өтті
17.04.2025

Ұлттық ауыл шаруашылығы санағына дайындық барысы аймақтық филиалдар директорларының қатысуымен өткен Ұлттық статистика бюросы алқасының кеңейтілген отырысында талқыланған басты тақырып болды. Ауыл шаруашылығы және ұлттық санақтар статистикасы департаментінің директоры Әсел Жартыбаева өңірлердегі қазіргі жағдай мен дайындық деңгейі туралы баяндады. Отырыста сондай-ақ ұйымдастырушылық кезеңдер, интервьюерлерді оқыту мәселелері, логистика және техникалық қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

«Ауыл шаруашылығы санағы – биыл өткізілетін маңызды статистикалық шараның бірі. Өткен жылы жүргізілген пилоттық санақ нәтижелері алдағы жұмысты бағдарлап, кемшіліктерді анықтап, күшейтілуі қажет салаларды айқындап берді. Қызметкерлерді қабылдау мәселесін мұқият қарастырып, персонал тапшылығын болдырмауды, сонымен қатар барлық ұйымдастырушылық және техникалық мәселелердің дайындығын бақылауда ұстауды тапсырамын», – деді Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев.

Коллегия отырысында құқықтық департамент директоры Арманбек Тілеубаев 2024 жылы респонденттерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша өндірілген істер туралы есеп ұсынды. Онда құқықтық мәселелерді шешу тәжірибесіне шолу жасалып, статистикалық есеп тапсырушыларымен өзара тиімді әрекетті қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.

Жиын барысында кадрлық саясат мәселелері де қарастырылды. Сонымен қатар отырыста аумақтық бөлімшелердің жұмыс тиімділігін арттыру мен статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз ету бағытында ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші