Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюрода аумақтық департаменттер басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті
21.05.2026

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросында өткен кеңейтілген алқа отырысына аумақтық департаменттердің басшылары қатысты.

Отырыста ұлттық статистика жүйесін одан әрі реформалаудың негізгі бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, ресми статистиканың сапасын арттыру, статистикалық бизнес-процестерді жетілдіру, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ аумақтық бөлімшелер қызметінің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Қатысушылар саланы стратегиялық дамыту және мемлекеттік статистика мен деректерді басқару жүйесін одан әрі трансформациялаудың ұзақ мерзімді даму бағытын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
Осыған байланысты Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев 2030 жылға дейінгі мемлекеттік статистика мен деректер экономикасын одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді бастауды тапсырды.

«Жаңа тұжырымдама ресми статистиканы дамыту басымдықтарын, баламалы деректер көздерін одан әрі енгізуді, жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелер технологияларын пайдалануды, инфрақұрылымды жетілдіруді, деректерді басқару жүйесін нығайтуды және толыққанды ұлттық деректер экономикасын қалыптастыруды айқындауы тиіс», – деп атап өтті М. Тұрлыбаев.
Аумақтық бөлімшелерге Тұжырымдаманы әзірлеуге белсенді түрде қатысып, жинақталған тәжірибе мен өңірлік ерекшеліктерге негізделген практикалық ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Сонымен қатар, отырыс барысында Мақсат Тұрлыбаев Астана қаласы Статистика департаментінің ғимаратында жаңа Өңірлік оқу орталығы ашылатынын хабарлады. Орталық өңір елдерінің статистика қызметтері мен халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен халықаралық семинарлар мен оқыту іс-шараларын өткізу алаңына айналады.

Бюро басшысы Астана қаласының Статистика департаменті Қазақстан үшін ғана емес, Орталық Азия елдері үшін де озық тәжірибе алаңына айналуға тиіс екенін атап өтті.

Алқа отырысы аясында респонденттермен өзара іс-қимыл, статистикалық процестерді цифрландыру және қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мәселелері де қаралды.

Тізімге оралу