30.09.2026
Бюро жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен кезекті онлайн-сессия өткізді.
Іс-шараға орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ЖОО, зерттеу қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар қатысты.
Тұрақты түрде өткізілетін онлайн-сессиялар ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен өзара іс-қимылды дамытуға, өзекті мәселелерді талқылау және кері байланыс алу үшін ашық диалог алаңын құруға бағытталған.
Бюро басшысының орынбасары Еркебұлан Иембердиев өз сөзінде ресми статистикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етудің, оны ұсыну форматтарын жетілдірудің және пайдаланушылармен кері байланысты дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Сессия барысында зерттеушілерге Бюроның ресми интернет-ресурсындағы
https://stat.gov.kz «Зерттеушінің виртуалды кабинеті» сервисі арқылы деректер базаларын сәйкестендірілмеген түрде ұсыну мәселелеріне жеке блок арналды.
Сонымен қатар, сыртқы және өзара сауда статистикасы, әлеуметтік статистика және атмосфералық ауаны қорғау статистикасы мәселелері де қаралды.
Айта кетейік, пайдаланушылармен онлайн-кездесулер тоқсан сайын өткізіледі және Бюроның кәсіби қоғамдастықпен ашық диалогты дамытуға бағытталған жұмысының бір бөлігі болып табылады.
Тізімге оралу