06.08.2024
Бюро қызметкерлері С5+ONE бағдарламасының курсын сәтті аяқтады
Ұлттық статистика бюросының мамандары өткен аптада аяқталған С5+ONE бағдарламасы аясында ағылшын тілі бойынша білімін жетілдірді.
«Халықаралық білім беру жөніндегі америкалық кеңестер» корпорациясының Өкілдігі ұйымдастырған бағдарлама аясында Ұлттық статистика бюросының 47 қызметкері өзінің кәсіби ағылшын тілін дамытуға және ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бірегей мүмкіндік алды. Тоғыз айлық бағдарлама соңында қатысушылар өз тәжірибесімен бөлісіп, энергетика және қоршаған орта мәселелеріне арналған жобаларын таныстырды.
Бағдарлама қатысушысы болған ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Әсел Шауенова, курстың Бюро қызметкерлері үшін барынша пайдалы әрі тиімді еткен үйлестірушілер мен педагогтарға алғысын білдірді.
«С5+ONE бағдарламасының екінші лек түлектерін оқуын сәтті аяқтауымен құттықтаймын! Сізге кәсіби тұрғыда үздіксіз дамып, жаңа білім мен мүмкіндіктерге ашық болуыңызды тілеймін, айналаңыздағыларға үлгі болып шабыттандыра беріңіз», – деді сертификаттарды салтанатты тапсыру рәсімінде сөз сөйлеген Әсел Шауенова.
Анықтама: C5 + ONE – Орталық Азия елдерінің энергетика және қоршаған орта саласындағы жас мамандарына ағылшын тілін тегін жетілдіруге мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама. Бағдарлама АҚШ Мемлекеттік департаменті тарапынан қамтамасыз етіледі әрі American Councils халықаралық білім беру және АҚШ-тың аймақтардағы Елшілігі тарапынан басқарылады.
Тізімге оралу