Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
16.11.2026
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Бюро ЮНИСЕФ-пен бірлесіп геоақпараттық жүйелерді қолдану бойынша оқыту семинарын өткізуде
Ұлттық статистика бюросында геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) қолдану және деректерді кеңістіктік талдау бойынша бес күндік оқыту семинары басталды. ЮНИСЕФ-пен бірлесіп ұйымдастырылған семинар Бюро мамандарының геокеңістіктік деректермен жұмыс істеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Семинарға ЮНИСЕФ штаб-пәтерінің маманы Назим Гаши сарапшы ретінде шақырылды.

Іс-шараның ашылуында Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Гүлмира Караулова ЮНИСЕФ-ке ынтымақтастығы мен ұлттық статистика жүйесінің кәсіби әлеуетін дамытуға көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыс білдірді.

Оның айтуынша, геоақпараттық технологиялар ресми статистиканы дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Олар деректерді цифрлық карталарда көрсетуге, аумақтардың ерекшеліктерін талдауға және өңірлер арасындағы айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.

«Бюро үшін геоақпараттық технологияларды дамыту – статистиканы жаңғыртудың перспективалы бағыттарының бірі. Қазіргі уақытта біз арнайы ГАЖ-модулін әзірлеуге кірістік. Бастапқы кезеңде ол цифрлық карталарда шамамен 10 негізгі сала бойынша деректерді көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл құралдар MICS зерттеулері үшін де аса маңызды. Олар халықтың өмір сүру жағдайларын тереңірек талдауға және өңірлік айырмашылықтарды анықтауға көмектеседі», – деп атап өтті Гүлмира Қарауылова.
Бес күндік семинар барысында қатысушылар географиялық деректерді өңдеу мен талдауға арналған ашық бастапқы кодты QGIS бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеуді үйренеді. Бұл – тегін пайдалануға болатын бағдарлама.

Оқыту бағдарламасы статистикалық және географиялық деректерді біріктіру, геокодтау, кеңістіктік талдау және тақырыптық карталар жасау бағыттарын қамтиды. Сонымен қатар MICS және үй шаруашылықтарын басқа да зерттеулер барысында ГАЖ технологияларын қолдануға ерекше назар аударылады.

Атап айтқанда, мамандар іріктемені қалыптастыру, геолистинг жүргізу (белгілі бір аумақтағы тұрғын үйлер мен үй шаруашылықтарының тізімін жасау), сондай-ақ GPS деректерін жинау әдістерін меңгереді.

Бұдан бөлек, қатысушылар ашық халықаралық геокеңістіктік деректер жиынтығымен танысып, ақпаратты цифрландыру және географиялық деректерді өңдеу құралдарын қолдануды үйренеді. Практикалық сабақтарда MICS зерттеуінің деректерімен жұмыс істеп, өздерінің ГАЖ-жобаларын әзірлейді.

Семинар барысында алынған білім мен дағдылар Бюро мамандарына геоақпараттық технологияларды статистикалық зерттеулерде тиімді қолдануға, деректерді талдау және визуализациялау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде ресми статистиканың мүмкіндіктері кеңейіп, еліміздің өңірлеріндегі әлеуметтік-экономикалық үдерістер туралы неғұрлым толық әрі егжей-тегжейлі ақпарат алуға жол ашылады.

Ұлттық статистика бюросы ынтымақтастығы, сараптамалық қолдауы және мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНИСЕФ-ке алғыс білдіреді.

Тізімге оралу