Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюро Сингапур статофисімен ынтымақтастықты бастады
25.04.2025
Бюро Сингапур статофисімен ынтымақтастықты бастады
Бюро Сингапур статофисімен ынтымақтастықты бастады
Бюро Сингапур статофисімен ынтымақтастықты бастады
Бүгін Ұлттық статистика бюросында Сингапур статофисінің бас статистигі д-р Ко Энг Чуанмен онлайн кездесу өтті. Бұл екі ел арасындағы тәжірибе алмасу және әріптестік қатынастар орнату жолындағы маңызды қадам болды

Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев өз алғысөзінде әріптестерге алғыс білдіріп, мұндай серіктестіктің жалпы жетістікке жету және даму үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Доктор Ко Энг Чуан, сіздің қолдауыңызбен статистика офистерінің әріптестік қатынасы басталғанына қуаныштымын. Оның ұзақ мерзімді, табысты және жемісті болатынына сенемін», – деді ол.
Бюро басшысы қазіргі уақытта Бюро маңызды трансформациялық кезеңді бастан өткеріп жатқанын, цифрлық технологиялар мен статистика саласындағы өзгермелі жағдайларға бейімделу үшін жаңа жұмыс әдістері мен дерек көздерін енгізіп жатқанын атап өтті. Бұл үдеріс көптеген елдер үшін өзекті екенін және даму үшін тәжірибе алмасудың маңыздылығын жеткізді.

Кездесу барысында экономикалық статистика деректерін қалыптастыру, жинау және өңдеу мәселелері талқыланды. Екі тарап та аналитикалық мүмкіндіктерді арттыруға мүмкіндік беретін жасанды интеллектіні пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Бюро Сингапур статофисіне ашықтығы үшін алғыс айтып, бірлескен жұмыстың екі тарапқа да маңызды нәтижелер әкелетініне сенімін білдірді.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші