Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюро сайтында жасанды интеллект негізінде жаңа аналитикалық чат-бот іске қосылды
01.09.2026
Бюро сайтында жасанды интеллект негізінде жаңа аналитикалық чат-бот іске қосылды
Бюро сайтында жасанды интеллект негізінде жаңа аналитикалық чат-бот іске қосылды

Қызмет көрсету сапасы мен пайдаланушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында Ұлттық статистика бюросының сайтындағы Пайдаланушы кабинетінде ЖИ негізінде әзірленген статистикалық бизнес-тіркелім бойынша аналитикалық чат-бот тестілік режимде іске қосылды.

Жаңа сервис пайдаланушылардың деректермен жұмыс істеу қолайлылығын арттыруға және интерактивті форматта жедел аналитикалық ақпарат ұсынуға арналған.

Аналитикалық чат-боттың негізгі дереккөзі «Статистикалық бизнес-тіркелім» ақпараттық жүйесі (СБТ АЖ) болып табылады. СБТ АЖ-да Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген заңды тұлғалар, филиалдар және шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді қамтиды.

Бұл чат-боттың жұмыс істеуі аясында СБТ АЖ-дан Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік статистика туралы» Заңының 8-бабына сәйкес сәйкес құпия ақпаратқа жатпайтын мәліметтер қолжетімді.

Аналитикалық чат-бот пайдаланушыларға диалог арқылы қажетті ақпаратты ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді. Тестілік режим аясында сервистің функционалдығы, пайдалану ыңғайлылығы және ұсынылатын жауаптардың сапасы бағалануда.

Чат-ботты іске қосу мемлекеттік статистиканы және ұлттық деректер экожүйесін дамыту тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылуда.

 

Тізімге оралу