Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Бюро саланың қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
06.11.2026

8 қарашада атап өтілетін Статистика күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросында салтанатты іс-шара өтті. Әріптестерін кәсіби мерекемен Бюро басшысы Мақсат Тұрлыбаев құттықтады.

Өз сөзінде ол Қазақстанның статистика жүйесі жылдар бойы дамып, халықаралық деңгейге көтерілгенін және бүгінде деректердің сапасы мен сенімділігіне қойылатын заманауи талаптарға сай жұмыс істеп отырғанын атап өтті.

Сондай-ақ соңғы уақытта халықаралық ұйымдар жүргізген статистикалық ақпарат сапасын бағалау қорытындысы бойынша қазақстандық статистикаға жоғары баға берілгені айтылды. Бұл атқарылып жатқан жұмыстың тиімділігін және ұлттық статистика жүйесінің жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді.

«Бүгінде Қазақстан статистикасы – халықаралық стандарттарға сай дамып, жаңа технологияларды енгізіп, қоғамды, мемлекетті және бизнесті шынайы деректермен қамтамасыз етіп отырған заманауи жүйе. Әрбір жетістіктің артында сала мамандарының кәсібилігі, жауапкершілігі мен күнделікті еңбегі тұр», – деді Мақсат Тұрлыбаев.
Іс-шара аясында Бюро басшысы салалық наградаларды табыстады. Атап айтқанда, отандық статистиканың дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер «Статистика саласының ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Бюро қызметкерлеріне «Статистика үздігі», «Статистика саласының үздігі» төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар табысталды.

Кәсіби мереке статистикалық деректердің сапасын қамтамасыз етіп, ел дамуына қатысты маңызды шешімдер қабылдауға үлес қосып жүрген сала мамандарының еңбегін атап өтуге мүмкіндік берді.

Тізімге оралу