25.06.2026
Бюро ресми статистика пайдаланушыларымен кезекті онлайн-сессия өткізді
Ұлттық статистика бюросы ресми статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен кезекті онлайн-сессия ұйымдастырды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, ЖОО, зерттеу қауымдастығының өкілдері және түрлі сала сарапшылары қатысты.
Тұрақты онлайн-сессиялар статистика деректерін пайдаланушылармен өзара іс-қимылды дамытуға, өзекті мәселелерді талқылауға арналған ашық диалог алаңын қалыптастыруға, сондай-ақ Бюро мен кәсіби қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Кездесу барысында Бюро мамандары өз жұмысының негізгі бағыттарын таныстырып, қатысушыларды өзекті статистикалық көрсеткіштермен таныстырды. Еңбек ақы статистикасы мәселелеріне, сондай-ақ инфляцияны есептеу және статистикалық процестерді жетілдіруде баламалы дереккөздерді пайдалануға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар қатысушыларға ғылыми зерттеулер мен талдамалық жұмыстар жүргізу үшін дербестендірілмеген түрде статистикалық дерекқорларды ұсыну мүмкіндіктері туралы ақпарат берілді.
Ерекше қызығушылық тудырған тақырыптардың бірі – «Зерттеушінің виртуалды кабинеті» цифрлық сервисі болды. Еске сала кетсек, 2025 жылдан бастап қазақстандық және шетелдік зерттеушілер Ұлттық статистика бюросының ресми интернет-ресурсында орналасқан осы сервис арқылы дербестендірілмеген статистикалық деректер базасына қол жеткізе алады.
Тізімге оралу