10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Бюро мен Ақпараттық-есептеу орталығының қызметкерлеріне ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің ведомстволық наградаларын табыстады.
«Цифрландыру саласының үздігі» төсбелгісімен Цифрландыру департаментінің директоры Арман Кунашев және АЕО Статистикалық жүйелерді бағдарламалау және сүйемелдеу департаментінің директоры Азамат Кулимбаев марапатталды.
ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына Ақпараттық жүйелерді үйлестіру және интеграциялау басқармасының басшысы Мариям Баекеева, Статистикалық процестерді цифрландыру басқармасының басшысы Бакытбек Нурымов, АЕО Жобаларды басқару департаментінің жоба жетекшісі Данагүл Салимова және Статистикалық жүйелерді бағдарламалау және сүйемелдеу департаментінің жетекші инженер-бағдарламашысы Қундыз Сарсенгалиева ие болды.
Айта кетейік, осы күні Бюро жасанды интеллект негізінде әзірленген AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты. Жаңа сервис ресми статистикалық деректерді алуды және талдауды жеңілдетеді.