19.11.2024
Ұлттық статистика Бюросында тәжірибе алмасу сессиялары басталды
Екі апта бойы әртүрлі департаменттердің мамандары бір-бірімен тәжірибе бөлісіп, ағымдағы жобалары мен болашақ жоспарлары туралы ақпарат береді.
Семинар тақырыптары ауқымды мәселелерді қамтиды, мамандар статистикалық жұмыс жоспары, мемлекеттік жоспарлау, жобалық басқару және цифрлық қызметтер сияқты салаларға тоқталады. Мысалы, Ұлттық есептер департаменті ұлттық есептер жүйесі және ЖІӨ есептеу әдістемесі туралы өз білімдерімен бөліседі, ал Баға статистикасы департаменті тұтыну бағалары индексінің әдіснамасын түсіндіреді.
Әр департамент өздерінің ерекше лекцияларын ұсынады, бұл олардың жұмыс ерекшеліктерін жан-жақты ашуға мүмкіндік береді.
Орталық аппарат қызметкерлері үшін ұйымдастырылған сессиялар корпоративтік мәдениетті нығайту мен ішкі коммуникацияны жақсартуға бағытталған. Қатысушылар басқа департаменттердің қызметімен танысып, салалық статистика саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.
Бюро құрылымында 15 департамент бар, олар салалық статистика мен әкімшілік секторды қамтиды.
Тізімге оралу