03.02.2025
Бюро өкілдері «Аналитика мектебі» тыңдаушыларына дәріс өткізді
«Аналитика мектебі» тыңдаушыларының кезекті кездесуі аясында стратегиялық жоспарлау және статистикалық деректермен жұмыс істеу мәселелеріне арналған дәріс өтті.
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймарданов және Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев іс-шараның негізгі спикерлері болды. Жандос Шаймарданов Қазақстандағы стратегиялық жоспарлау туралы егжей-тегжейлі айтып, осы маңызды салада қолданылатын түрлі тәсілдер, модельдер мен құралдарды талқылады.
Максат Тұрлыбаев еліміздегі статистикалық процестерді цифрландырумен байланысты маңызды бастамаларды бөлісті. Сонымен қатар дәріскерлер қатарында ҰСБ-ның халықаралық ынтымақтастық және тұрақты даму департаментінің директоры Айнур Досанова мен Ақпараттық есептеу орталығының аналитикалық шешімдерді қалыптастыру департаменті директорының орынбасары Наурыз Байзақов болды.
Олар Қазақстан азаматтарының экономикалық және саяси құқықтарын қамтамасыз етудегі гендерлік теңдік мәселелерін талқылап, Бюро сайтында жарияланған эксперименттік статистикалық есептеулер бойынша аналитика құралдарын таныстырды. Іс-шара білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналып, қатысушылардың аналитикалық дағдыларын дамытуға және статистика салаларын тереңірек түсінуге ықпал етті.
Анықтама: «Аналитика мектебі» қоғамдық жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып, мемлекеттік басқару, БАҚ қызметі, ғылыми-сарапшылық қауымдастықта және азаматтық секторда талдау жасау тәсілдерінің сапасын арттыруға бағытталған.
Тізімге оралу