Ұлттық статистика бюросы
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
Бюро басшысы "KazAID" Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің басқарма төрағасымен кездесті
20.03.2025

Ұлттық статистика бюросында "KazAID" Қазақстандық халықаралық ынтымақтастық агенттігінің өкілдерімен кездесу өтті. Делегация құрамына агенттіктің басқарма төрағасы Аркен Арыстанов және әріптестік және өңірлік жобалар департаментінің директоры, Басқарма мүшесі Қарлығаш Ахметова кірді.

"KazAID" – бұл ресми даму көмек көрсету саласындағы негізгі оператор болып табылады және серіктес елдердің әлеуметтік-экономикалық прогресіне қолдау көрсетуге бағытталған.

Кездесу барысында Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев қонақтарға Бюро қызметін таныстырып, көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен екіжақты ынтымақтастық шеңберінде іске асырылатын негізгі жобалар мен бағдарламалармен таныстырды.

Бюро көптеген жылдар бойы Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан статистикалық кеңселерінен келіп түскен сұраныстарға сәйкес статистиканың әртүрлі салалары бойынша әдіснамалық қолдау көрсетіп келеді.

Статистика және деректерді талдау саласындағы білім деңгейін арттыруға ықпал ететін data Literacy Hub цифрлық платформасын одан әрі дамытуға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара түсіністік туралы бірлескен меморандумға қол қою және 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасын әзірлеу арқылы әріптестікті одан әрі дамыту туралы уағдаласты, бұл өзара іс-қимылды нығайтуға және бірлескен жобаларды әзірлеуге ықпал етуге көмектеседі.

Тізімге оралу

Онлайн кеңесші