11.03.2025
Бюро басшысы БҰҰ Статистикалық комиссиясының 56-сессиясына қатысты
2025 жылғы 4-7 наурыз аралығында Нью-Йоркте БҰҰ Статистикалық Комиссиясының 56-шы сессиясы өтті, оған әртүрлі елдерден келген 160-тан астам статистикалық орган өкілі, сондай-ақ 50 халықаралық ұйымның өкілдері қатысты. Сессия барысында делегаттар статистикалық қызмет саласындағы жаһандық үрдістерді және статистиканы дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.
Сессияның маңызды нәтижелерінің бірі екі маңызды қарардың қабылдануы болды: 2025 жылғы Ұлттық шоттар жүйесі (СНС-2025) және 2030 жылғы халық санағы мен тұрғын үй қорының Дүниежүзілік бағдарламасы бойынша. Сессия шеңберінде Деректерді басқару үшін, оның ішінде БҰҰ-ның жаһандық цифрлық шарты шеңберінде халықаралық келісілген стандарттарды әзірлеу қажеттілігі белгіленді. БҰҰ Статистикалық комиссиясы жаһандық деректермен жұмыс істеу үшін осындай стандарттар мен Бірыңғай терминологияны әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құруға шақырды.
Ұлттық статистика бюросының басшысы Мақсат Тұрлыбаев Дүниежүзілік банк пен халықаралық статистикалық бағдарлама ұйымдастырған кездесуде сөз сөйлеп, туризм және көші-қон бойынша статистиканы қалыптастыру үшін мобильді деректерді пайдаланудағы прогресс туралы айтты. Қазақстан ұялы байланыс операторларының деректеріне негізделген алгоритмдер мен статистикалық көрсеткіштерді жасау үшін Эстондық "Positium" компаниясымен ынтымақтастықты дамытуды жалғастыруда. Бұдан басқа, Қазақстан туризм және көші-қон бойынша статистиканы қалыптастыру үшін байланыс операторларымен келісу жұмысын қолға алған.
Екіжақты кездесулер аясында Мақсат Тұрлыбаев Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Қытай, Корея Республикасы және басқа елдердегі әріптестермен одан әрі ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, Росстатпен ынтымақтастықтың 14 бағыты бойынша Жол картасына қол қою туралы келісімге қол жеткізілді, Түркиямен Бюро мамандарының 2025 жылғы наурызда деректерді ұсыну үшін виртуалды платформа құру бойынша консультациялық көмек алу үшін сапары жоспарлануда.
«Біз халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты белсенді дамытып, әлемдік жетекші статистикалық қызметтермен тәжірибе алмасамыз. Бұл бізге жұмыс әдістерін жетілдіріп қана қоймай, үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге де көмектеседі», – деп атап өтті Мақсат Тұрлыбаев.
ЭЫДҰ басшылығымен келіссөздер барысында Қазақстанның Ұлттық статистикалық жүйесін шолу мәселелері және ЭЫДҰ статистика және статистикалық саясат комитетінің қауымдастырылған мүшесі мәртебесін алу қадамдары талқыланды. Қазақстан сондай-ақ Қытайдың ұлттық статистика бюросымен ынтымақтастықты жалғастыруда және қазақстандық мамандардың Қытайға сапарын 2025 жылдың мамыр айына жоспарлап отыр.
Қазақстан статистикасының 105 жылдығына дайындық аясында Мақсат Тұрлыбаев Дүниежүзілік статистика күнін мерекелеу шеңберінде өткізілетін өңірлік статистикалық форумға қатысуды талқылау үшін ТМД статистикалық комитетінің, БҰҰ ЕЭК және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдерімен келіссөздер жүргізді.
Тізімге оралу