2023 жылғы мамырда тұтыну бағаларының бір айлық мәндегі индексі баяулап, сәуірдегі 0,9%-бен салыстырғанда 0,6% құрады. Ақылы қызметтердің бағасы – 0,7%, азық-түлік және оған жатпайтын тауарлардың әрқайсының бағасы 0,5%-дан өсті.
Бағаның өсуі әуе жолаушылар көлігі қызметтеріне 11,5%, теміржолға – 2,5% байқалды. Санаторий қызметтерінің бағасы 5,6%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтер – 2,9%, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметтері – 1,7%, денсаулық сақтау қызметтері 1,4% өсті.
Азық-түлік тауарлары арасында мамырда көкөністер мен жемістердің бағасы өскен, қырыққабат 23,8%, пияз 9,9%, жүзім 9,6%, сәбіз 8,6%, алма 5,3%, картоп 4% қымбаттаған. Бағаның өсуі, сондай-ақ күріш – 2,5%, салқындатылған сусын – 1,9%, сүт – 1,8%, шай – 1,6% бойынша байқалды. Осы ретте қияр 39,6%, қызанақ 23,7%, тәтті бұрыш 7,6%, қарақұмық жармасы 4%, банан 3,8% арзандаған.
Мамырда бағаның өсуі баллондағы сұйытылған газға – 1,7%, бензинге – 1,2%, дизель отынына – 0,7% байқалды. Алдыңғы аймен салыстырғанда киім және аяқ киім 1,3%, жеке қолдану тауарлары 1,2%, ыдыс-аяқ 0,9%, жуу және тазалау құралдары 0,8% көтерілді.
Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Шымкент қаласында – 1% (орташа республикалық деңгейден 0,4 п.т. жоғары), ең төменгісі Павлодар облысында тіркелді – 0,1%.
Өңірлер бойынша азық-түлік тауарларының ең жоғары бағасы Ұлытау облысында – 1,4%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша Алматы қаласы және Солтүстік-Қазақстан облысында – әрқайсында 1%-дан, ақылы қызметтер бойынша Шымкент қаласында, өсім – 2,7%.
2022 жылғы мамырмен салыстырғанда кеңсе тауарлары 67,5%, қияр 53,4%, кір сабын 49,7%, ыдыс жууға арналған құралдар 47,1%, қантсыз қоюландырылған сүт 46,6%, күріш 44,9%, күндізгі стационарлық емдеу 43,6%, шақпақ қант 42,7% қымбаттаған. Керісінше, жылдық мәнде қырыққабат және сәбіз әрқайсысы 19,1%-дан, картоп – 16,8%, у сарымсақ – 8,4%, қызылша 7,1% арзандаған.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Бағаларды тіркеу барлық облыс орталығында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгілі бір шеңберінде әртүрлі меншік нысанындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктемелі желісі бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша 2018 жылдан бергі динамикалық өзгеріс көрсеткіштерін арнайы әзірленген интерактивті дашбордтан көруге болады.
*2023 жылғы қаңтардан бастап, тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 41,8%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 29,6%, ақылы қызметтер 28,6%.